"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі
"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Елтоқ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемісі

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні.

13.04.2024

12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні.

56 жыл бұрын 1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне “Восток” кемесін аттандырды. Дәл осы ғарыш кемесімен алғаш рет әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер — аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин еді. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды.

Бұл оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды. Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке — ғарышкерлер күні болып белгіленді.
Ал Қазақтан тұңғыш ғарышқа ұшқан (1991 жыл, 2 қазан) отандасымыз, ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров еді. Ол өзінің ғарышқа сапарын «СоюзТМ-13» кемесі арқылы жүзеге асырды. Ғарышта жүріп, өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу үдерісі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды.
Қазақтан шыққан екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаевқа ғарышқа үш рет ұшу бақыты бұйырды. 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесімен ғарышта 126 күн болды. Екінші рет «Союз ТМ-27» кемесімен ұшқанда ғарышта 208 күн болып, ерен ерлік көрсетті. Ғарышкер кеме бортынан ашық ғарыш кеңістігіне бес рет шығып, 30 сағат 8 минут аспан аясында қалықтады. Осылайша Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Т.Мұсабаев 2001 жылы тағы бір мәрте ғарышқа ұшты. «Союз ТМ-32» кемесімен 8 күн ғарышта болды. Талғат Мұсабаевтың жалпы ғарышта болған уақыты 341 күн 9 сағат 48 минут.

Просмотров: 39


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст